«Абайдан соңғы арыстар» — қазақ халқының даңқты перзенттерінің елінің тәуелсіздігі үшін күрескен кзеңін суреттеуге арналған эпикалық роман-трилогия. Баршаға мәлім, «Алаш» өкіметі 1918 жылдың жазында Орынбор қаласынан Семейге қоныс аударады. «Алаш» өкіметін қазіргі Абай ауданының Шаған өзенінің бойында қарсы алу салтанаты болады. Оған Қызылжар, Қараөткел, Қарқаралы, Көкшетау, Кереку, Сергиополь, Зайсан мен Өскеменнің ел басшылары қатысады. Романда «Алаш» басшылары Әлихан мен Ахмет, Жүсіпбек, Халел, Әлімхандардың сол кезеңдегі іс-әрекеттері жан-жақты суреттеледі. Шәкәрім, Абай баласы Мекайіл, Мұхтарлар да барлық оқиғаларға тікелей араласып отырады. Автор бұл еңбегінде халқымыздың ардагер ұлдарының асқақ бейнесін әр қырынан сомдап, жұртшылық санасында қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
 
      
