ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ДЕТЕКТИВТІК ТУЫНДЫ

Ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың Шерлок Холмс  туралы шығармаларын білмейтін адам жоқ шығар.  Автордың «Баскервильдер иті» атты туындысы әлемге әйгілі детектив Холмс туралы төрт хикаяттың бірі. Оған қоса «Әлемнің ең үздік 100 детективтік романдарының» тізіміне енген.

Arthur_Conan_Doyle_by_Walter_Benington,_1914.png

Конан Дойл ұсақ детальдарға мән беру арқылы адамдар туралы тиісті мәлімет жинай алатын, белгілі детектив Шерлок Холмстың бейнесін жасап шығарған автор.

Шерлок Холмс туралы детективтік туындылары Конан Дойлды тек Англияда ғана емес, әлемдегі мықты жазушылардың қатарына қосты.

XX ғасырдың басында Шерлок Холмс туралы және «Баскервильдер иті» кітаптары жарыққа шыққаннан кейін әлемдегі ең жоғары қаламақы алатын жазушы болып саналған.

Баскервильдер әулетінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан аңыз бойынша әулеттегі біраз адам көзі шоқтай жанып тұратын үлкен қара иттің құбыжық елесінен мерт болған.

Жұмбақ жағдайда көз жұмған Чарльз Баскервильдің  қазасының себебін  тексеруге келген  детектив Шерлок Холмс пен дәрігер Уотсон  біраз мәселенің бетін ашады.

Чарльздің өлімі құбыжық елестің емес адамның қолымен жасалған қылмыс екені белгілі болады. Ендеше әулеттің соңғы мұрагері Генри Баскервильге де қауіп төніп тұрғаны анық.

Бұндай қитұрқы қылмысқа бару кімнің ойына келді екен? Қылмыскердің көздеген мақсаты не?

Осы қылмыстың түйінін шешу үшін Шерлок Холмс  қандай айла-тәсілдерді қолданғанын білесіз бе?

Қандықол қылмыскер мен тәжірибелі детективтің арасындағы тартыс кімнің пайдасына шешілер екен?...

Бұл детективтік хикаят баспамыздан қазақ тілінде жарық көрді. 

Аударған: Ерсін Шамшадин 

Товары, упомянутые в статье
В наличии
Предзаказ
арт. 9786012715361
Артур Конан Дойл (ауд. Е. Шамшадин)
3 903 тг.
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *