Оқулықта табиғаттың ерекше денесі, ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы – топырақтың түзілуі, құрамы, қасиеттері баяндалған. Жер қыртысында кездесетін минералдар мен тау жыныстары, геологиялық үрдістер туралы мағлұматтар келтіріліп, олардың топырақтың түзілуіне, құрамы мен қасиеттеріне әсері сипатталған. Топырақтардың негізгі типтерінің морфологиялық белгілері, басты қасиеттері және олардың жіктелуі келтірілген. Топырақтың құнарлылығының қалыптасуы, өзгерістерге ұшырауы баяндалып, оның ұдайы өндірісін қалыптастыру және эрозиядан қорғау жолдары көрсетілген.