Таңғы самал елі» атанған Корей елі ертеден еңбекқорлығымен, мейірімділігімен танылған. «Екі ағайынды», «Еріншек адам», «Алтын балта мен күміс балта», «Тангун туралы ертегі», «Тасбақа мен қоян» және т.б. тәрбиелік мәні зор ертегілер кішкентай бүлдіршіндерге Корей елінің адалдығын, қайырылымдығын, ізетті де ізгі қасиеттерін тартымды етіп баяндап береді. Бір сөзбен айтқанда, балалар санасына лайықты тілмен аударылған кітаптағы он ертегінің оқырманды ойлантып-толғантары, бейжай қалдырмасы анық.