Жас оқырмандарымызды сүйікті кейіпкерлері — ақылды Қарға мен сөзге шешен Тотықұспен қайта жүздесу күтіп тұр. Бұл жолы қанатты достар Африкаға саяхаттамақ. Нақтылап айтсақ, қысты өткеру үшін Нілдің бастауына барады. Саяхат барысында олар қызықты оқиғаларға кез болып, жаңа достармен танысады. Соңында дәстүр бойынша Африка жайлы қызықты деректер айтылады.
Кітапты балалар оқу деңгейіне байланысты рөлге бөліп оқи алады.