Ерте, ерте ертеде ханшайымдар, сарайлар және сиқырлар заманында он екі қызы бар бір патша өмір сүріпті. Патша күн сайын түнде ханшайымдардың бөлмесін сыртынан құлыптап тастауды бұйырса да, таңертең олардың он екі жұп аяқкиімдері түнімен тыным таппай билегендей мыжылып қалады екен! Патша кімде-кім қыздарының мыжылған аяқкиімдерінің құпиясын аша алса, ол өзі таңдаған ханшайымға үйлене алатынын айтып жар салады. Міне, бұл — осы құпияның қалай ашылғаны туралы әңгімеленетін ғажайып оқиға.