Ұсынылып отырған оқу құралында кванттық электроника аспаптарының жұмыс істеу ұстанымы негізінде жатқан, дискретті кванттық энергия деңгейлері бар, кванттық бөлшектер жүйесінде жүретін физикалық құбылыстар, электрмагнит толқындардың орта арқылы өткенде күшеюі, кванттық күшейткіштердің кванттық өндіргіштерге айналуы үшін қажетті шарттар, кванттық күшейткіштердің, өндіргіштердің негізгі қасиеттері талданған.
Оқу құралы физика, физика-техника мамандықтары бойынша оқитын студенттерге және техникалық университеттердің сәйкесті ұқсас мамандықтарында оқитын студенттеріне арналған. Жалпы білім жетілдіру институттарының тыңдаушыларына да көмегі бар.