Ұсынылып отырған оқулық 1314002 «бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық колледж оқушыларына және бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған. Бұл оқулықта бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі, мектепте математиканы оқытудың теориялық негіздері, болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындаудың педагогикалық әдістері және оқушылар білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген.